Камбекке бір қадам қалды: Қазақстан кубогы-2026 финалистері анықталды
Қазақстан кубогы-2026 финалында «Ордабасының» қарсыласы «Қайсар» болады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жауапты жартылай финалда елордалық «Жеңіс» Қызылордадан келген қонақтарды қабылдап, сенсацияға бір қадам жақындады.
Алғашқы ойында сырт алаңда 1:3 есебімен жеңілген соң, алаң иелері қарқынды бастады да, жағдайды түзетуге бар күшін салды. 25-минутқа дейін-ақ елордалық ұжым 2:0 есебімен алда болды. Мартинш пен Филиповичтің голдарынан кейін алаңда камбек иісі сезіле бастады.
Алайда қызылордалықтар да үмітсіз қалған жоқ. 27-минутта-ақ Тевзадзе алаңнан қуылып, командасын азшылықта қалдырды.
69-минутта қонақтар Микейастың голының арқасында есеп айырмасын қысқартты. Бірақ дәл сол сәтте-ақ «Жеңіс» екі доп айырмасын қайтарып алды: Филипович дубль авторы атанды.
Барлығы экстра-таймға кететіндей көрінгенде, матч соңында Рамазан Бағдат алыстан шірене соққан әдемі голымен өз командасын финалға алып шықты! Енді трофей үшін «Қайсар» мен екі матч қорытындысы бойынша «Алтайды» (2:1, 3:1) жарып өткен «Ордабасы» таласады.
Айта кетейік, қазіргі кубок иегері — Қостанайдың «Тобылы».
Қазақстан кубогы
жартылай финал
«Жеңіс» – «Қайсар» 3:2 (4:5)
Голдар: Мартинш, 18, Филипович, 25, 75 – Микейас, 69, Багдат, 90
Қызыл қағаз: Тевзадзе, 27 (екінші ескерту, «Жеңіс»)