locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Джейми Варди ағылшын футболына оралғаннан кейінгі алғашқы голын соқты!

39 жастағы ағылшын шабуылшысы «Вулверхэмптонмен» матчта есеп ашты
ФОТО: Getty Images
Чемпионшип Англия
16.10.2026, Аяқт.
Бернли
1
Вулверхэмптон
2

17 қазанға қараған түні Дастан Сәтпаевтың «Бернлиі» Чемпионшиптің 11-туры аясында «Вулверхэмптонды» қабылдап жатыр және матчтағы есеп ашылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Бордолылардың» жұлдызды шабуылшысы Джейми Варди ағылшын футболына оралғаннан кейінгі алғашқы голын соқты. 39 жастағы ағылшын шабуылшысы «Вулвзға» қарсы матчтың 20-минутында есеп ашты.

Еске сала кетейік, «Лестердің» аңызы қыркүйек айында «Бернли» ойыншысы атанды. Бұл — оның бір жыл бұрын «түлкілер» сапынан кеткеннен кейін ағылшын футболына қайта оралуы.

Айта кетейік, Сәтпаев кездесуді «бордолылардың» қосалқы құрамында бастады. Ағымдағы маусымда 18 жастағы қазақстандық форвард бес матчқа қатысып, гол немесе нәтижелі паспен көзге түскен жоқ. Бұған дейін қазақстандық вундеркинд жарақатына байланысты бірнеше ойынға қатыса алмады.

Айтпақшы, бұған дейін «Бернлидің» бас бапкері Вардипен бірге ойнаудың Сәтпаевқа қандай пайдасы барын атаған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie