«Бернли» — «Вулверхэмптон»: Сатпаевтың негізгі құрамда ойнайтыны-ойнамайтыны белгілі болды
16-нан 17 қазанға қараған түні ағылшындық «Бернли» Чемпионшиптің 11-туры аясында «Вулверхэмптонды» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойын Бернли қаласындағы «Терф Мур» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады. Чемпионшип матчының тікелей трансляциясы осында қолжетімді болады.
«Бернли» мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев кездесуді «бордолылардың» қосалқы құрамында бастайды.
Осы маусымда 18 жастағы қазақстандық форвард бес матчқа қатысып, голдарымен және нәтижелі пастарымен көзге түсе алмады. Бұған дейін қазақстандық футболшы жарақатына байланысты бірнеше ойынды өткізіп алған.
Бұл ойынға дейін «Бернли» Чемпионшиптің ағымдағы маусымында он матч өткізіп, сегіз ұпай жинады. Команда турнир кестесінде 21-орында тұр. «Вулверхэмптон» тоғыз кездесуде 14 ұпай еншіледі. «Қасқырлар» 10-сатыда орналасқан.