«Бернли» жаттықтырушысы Чемпионшип матчі алдында Сатпаевтың талантын бағалады
«Бернли» бас бапкері Никки Хайен Чемпионшиптің «Вулверхэмптонға» қарсы матчы алдында Дастан Сатпаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Дастан — жас ойыншы. Ол “Челсиге” тиесілі, өте талантты футболшы, гол соғатын мүмкіндіктері көп, өте қарқынды әрі жігерлі. Сондықтан ол біз үшін үлкен актив.
Өкінішке қарай, ол жарақат алып, жүктемесін бақылауға тура келді. Бірақ иә, Дастан — біз үшін фантастикалық ойыншы. Ол қосалқы құрамда, бүгін кем дегенде 30 минут ойнай алады», — деді жаттықтырушы матч алдында.
16 қазаннан 17 қазанға қараған түні «Бернли» Чемпионшиптің 11-туры аясында «Вулверхэмптонды» қабылдайды. Кездесу Бернлидегі «Терф Мур» стадионында өтеді. Басталатын уақыт — Қазақстан уақытымен 00:00.
«Бернли» мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев «бордолықтардың» матчты қосалқы құрамда бастайды.