«Челси» «Миланны» ойсырата жеңді: Сатпаев алаңға шықты ма?
«Челси» маусымға дейінгі дайындық аясында өткен бақылау матчында «Миланнан» айқын басым түсті (3:0), деп хабарлайды Sports24.kz.
Лондондық ұжым қарсыласының қақпасына жауапсыз үш гол соқты — дубль авторы Жоао Педро және дәл соққысымен көзге түскен Мойзес Кайседо.
Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Дастан Сатпаев матчты лондондық команданың қосалқы құрамында бастап, алаңға шыққан жоқ.
Айта кетейік, маусым алдындағы жиында Сатпаев Лондон клубының үш кездесуіне қатысты. Қазақстан құрамасының жас жұлдызы Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы ойында (6:4) бір голдың авторы атанды. Сонымен қатар, Дастан «Тоттенхэмге» қарсы (1:2) және «Ювентуске» қарсы (0:1) матчтарда да алаңға шықты.
9 тамыз күні Алонсо шәкірттері маусым алдындағы турне аясында Малайзияның «Джохор» клубына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін АПЛ клубы Сатпаевты жалға алу туралы ұсыныс жасағаны хабарланған болатын.