locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының қандай матчтарына қатыспайды

Англияның «Бернли» клубында өнер көрсететін Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасына УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы соңғы кездесулерде көмектесе алмайды
Футбол
Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының қандай матчтарына қатыспайды
ФОТО: KFF

18 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев ұлттық құраманың 2026 жылғы қалған екі кездесуіне қатыспайды. Бас бапкер Джон ван ’т Шкип шабуылшыны қараша айында Молдова мен Словакияға қарсы өтетін матчтарға арналған соңғы тізімге қоспады, деп хабарлайды Sports24.kz.

28 қазанда Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың 27 ойыншыдан тұратын түпкілікті тізімін жариялады. «Челсиден» жалға алу келісімі бойынша «Бернлиде» өнер көрсететін Сәтпаев шақырту алған футболшылардың қатарына енген жоқ.

Бұған жас шабуылшының денсаулығына қатысты мәселе себеп болған. Спорт журналисі Елдар Аманбаевтың мәліметінше, Чемпионшиптегі соңғы кездесуінен кейін футболшы қайтадан магниттік-резонанстық томографиядан (МРТ) өткен. Тексеру нәтижесінде «Челси», «Бернли» және Қазақстан құрамасының медициналық штабтары оның денсаулығына қауіп төндірмеуді жөн көрген.

Осылайша, Сәтпаев Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы екі турды өткізіп алады.

Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының қандай матчтарына қатыспайды?

13 қараша — Молдова – Қазақстан

Қазақстан құрамасы қараша айындағы алғашқы кездесуін Молдоваға қарсы сырт алаңда өткізеді. Джон ван ’т Шкип шәкірттері 2 қазанда Астанада өткен матчта 1:2 есебімен жеңілген қарсыласынан қарымта қайтаруға тырысады.

16 қараша — Қазақстан – Словакия

Жылдың соңғы ресми кездесуінде Қазақстан өз алаңында Словакияны қабылдайды. 29 қыркүйекте Кошицеде өткен алғашқы ойында отандастарымыз 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Сол матчта Қазақстан құрамасының жалғыз голын Рамазан Каримов соққан болатын.

Қазақстан құрамасы Сәтпаевсыз қалай өнер көрсетті?

Қыркүйек айында жарақат алған жас шабуылшы Ұлттар лигасының бұған дейінгі төрт кездесуіне де қатысқан жоқ.

Төрт турдың қорытындысы бойынша Қазақстан екі ұпаймен С3 тобында соңғы, төртінші орында тұр. Он ұпай жинаған Словакия көш бастап келеді. Ал Фарер аралдары мен Молдованың еншісінде төрт ұпайдан бар.

Әзірге Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының биылғы маусымында жеңіске жете алған жоқ. Алдағы екі кездесу ұлттық команда үшін топтағы жағдайын жақсартудың соңғы мүмкіндігі болма

қ.

Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасында соңғы рет қашан ойнады?

2026 жылы қазақстандық шабуылшы ұлттық құрама сапында Армения мен Венгрияға қарсы өткен екі жолдастық кездесуге ғана қатысты.

Қыркүйек айының басында Сәтпаев Чемпионшип аясындағы «Мидлсбромен» матчта (1:1) санының артқы бұлшықетін жарақаттап, бірнеше апта бойы алаңға шыға алмады.

Қазан айында жаттығуға қайта кірісіп, біртіндеп ойын тәжірибесін жинай бастады. Ол «Уотфорд» пен «Вулверхэмптонға» қарсы кездесулерде алаңға шықты. Ал 24 қазанда жарақатынан кейін алғаш рет «Линкольн Ситимен» матчта «Бернлидің» негізгі құрамынан орын алды. Қазақстандық футболшы 58 минут ойнағанымен, командасы 1:4 есебімен жеңілді.

Сәтпаев клуб деңгейінде алаңға қайта оралғанымен, медициналық штабтар оның ұлттық құрамаға қосылуына асықпауды жөн көрді.

Нәтижесінде Дастан Ұлттар лигасының биылғы топтық кезеңіндегі алты кездесудің барлығын өткізіп алады. Толық айығып, бабына келген жағдайда шабуылшы Қазақстан құрамасына келесі жылы қайта оралуы мүмкін.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie