«Челси» – «Манчестер Юнайтед».Онлайн көру
31 қазанда Англия чемпионатында көпшілік асыға күтетін кездесулердің бірі өтеді. «Челси» мен «Манчестер Юнайтед» Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қос команда да алдағы ойынға сәтсіз нәтижелерден кейін келіп отыр. Өткен турда «Челси» өз алаңында «Тоттенхэмге» 0:2 есебімен жол берсе, «Манчестер Юнайтед» «Борнмуттан» 0:3 есебімен жеңілді.
Сегіз турдың қорытындысы бойынша лондондық клуб 13 ұпай жинап, АПЛ турнирлік кестесінде бесінші орында тұр. Ал манкуниандықтардың жағдайы әлдеқайда күрделі. Жеті ұпайы бар команда 16-сатыға жайғасқан.
Оның үстіне «Манчестер Юнайтед» барлық турнирді есептегенде қатарынан сегіз матч бойы жеңіске жете алмай келеді. Осы аралықта команда бес рет жеңіліп, үш кездесуде қарсыластарымен тең түскен.
Екі клуб соңғы рет 2026 жылғы 18 сәуірде кездескен болатын. Сол жолы «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Челсиді» 1:0 есебімен ұтты. Ал өзара өткен соңғы бес матчта командалар екі-екіден жеңіске жетіп, бір кездесу тең аяқталған.
«Челси» – «Манчестер Юнайтед» матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады?
Англия Премьер-лигасының тоғызыншы турындағы кездесу 31 қазанда Қазақстан уақытымен сағат 17:30-да басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер ойынды Setanta Sports 1 телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ матчтың онлайн трансляциясы Setanta Sports стримингтік платформасында қолжетімді болады.
Осылайша, «Челси» лондондық дербидегі жеңілісінен кейін жанкүйерлері алдында үш ұпай алуға тырысады. Ал «Манчестер Юнайтед» сегіз матчқа созылған жеңіссіз сериясын тоқтатуды көздейді.