locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасында Дастан Сатпаевқа қатысты шешім қабылданды

«Бернли» шабуылшысы Молдова және Словакиямен матчтарға арналған қорытынды құрамға енбеді
Футбол
Қазақстан құрамасында Дастан Сатпаевқа қатысты шешім қабылданды
ФОТО: КФФ

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип команданың УЕФА Ұлттар лигасындағы қараша айындағы матчтарына арналған қорытынды құрамын анықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алдағы халықаралық үзіліс барысында ұлттық құрама екі кездесу өткізеді. 13 қарашада ван ’т Схип шәкірттері сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакия құрамасын қабылдайды.

Ұлттық құраманың қорытынды өтініміне 27 футболшы енді.

Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах»).

Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де - «Астана»), Арсен Аширбек, Әділбек Жұмаханұлы (екеуі де - «Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Нұралы Әліп («Зенит»), Александр Мрынский («Қайрат»), Наурызбек Жағоров («Тобыл»), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлебай (екеуі де - «Елімай»), Айбол Әбікен («Қызылжар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхамед Қараман (екеуі де - «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»).

Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов»), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де - «Қайрат»), Рамазан Каримов («Астана»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов («Ахмат»).

Айта кетейік, Дастан Сатпаевтан бөлек, «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков те қорытынды тізімге енбеді.

Еске салайық, бұған дейінгі халықаралық үзіліс кезінде Қазақстан футбол құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт матч өткізді. Джон ван ’т Схип командасы сырт алаңда Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең ойнап, одан кейін Словакиядан 1:2 есебімен жеңілді. Кейін қазақстандықтар өз алаңында Молдовадан 1:2 есебімен ұтылып, соңғы кездесуде Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті.

4 турдан кейін ұлттық құраманың еншісінде 2 ұпай бар. Команда С3 тобында соңғы, төртінші орында тұр.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie