locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чесноков үшін РПЛ клубы ақша төлеуге дайын

«Крылья Советов» ойыншыға 200 мың еуро ұсынуға әзір
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Чесноков үшін РПЛ клубы ақша төлеуге дайын
ФОТО: Хартс

Қазақстан құрамасы мен Шотландияның «Хартс» клубының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков құрамды күшейту мақсатында самаралық «Крылья Советовтың» шорт-листіне енді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Крылья Советов» 200 мың еуро төлеуге дайын

Журналист Елдар Аманбаевтың мәліметінше, «Крылья» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы үшін «Хартсқа» 200 мың еуро ұсынуға әзір.

Бұған дейін Чесноков Ресейге көшуден бас тартқаны және бұл бағытты өзінің мансабын дамыту үшін басым деп есептемейтіні хабарланған болатын. Сондай-ақ, Исламға оның бұрынғы клубы «Тобыл» мен «Ордабасы» да қызығушылық танытып отыр деген ақпарат тараған.

Чесноковтың жағдайы қалай?

Шотландияға ауысқан уақыттан бері Қазақстан құрамасының вингері тек бес рет негізгі құрамда алаңға шықты, 11 матч өткізіп, бір гол соқты. «Хартс» жарты ғасырлық үзілістен кейін Шотландия чемпионы атануға жақын болғанымен, соңғы турда көптен күткен атақты қолдан шығарып алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie