РЕСМИ: Сатпаевтің даулы қарсыласы ақталды және футболға оралады
"Челси" клубының вингері Михаил Мудрик төрт жылға берілген допингке қатысты дисквалификацияға қарсы апелляциясы ішінара қанағаттандырылғаннан кейін, бірден ойынға оралуға дайын, деп хабарлайды Sports24.kz.
30 шілдеде Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің қатысуымен келісімге қол жеткізіліп, ойыншыға жарыстарға бірден оралуға рұқсат берілді.
25 жастағы Украина ұлттық құрамасының вингері 2024 жылдың қараша айынан бері ресми матчтарға қатыспады: келесі айда оның қанынан тыйым салынған мельдоний заты табылғаннан кейін Футбол қауымдастығы тарапынан уақытша шеттетілген еді.
Кейінірек Футбол қауымдастығы Мудрикке ең жоғары — төрт жылдық дисквалификация тағайындады, алайда ол бұл шешімге CAS-қа шағым түсірді. CAS украиналық футболшының антидопинг ережесін бұзғанын мойындап, шеттетілу мерзімі өтелді деп танып, оған «бірден күшіне енумен» жарыстарға оралуға рұқсат берді.
"Челси" клубы өз мәлімдемесінде Мудриктың толық физикалық формасына оралып, команда сапына қосылып, алаңға қайта шығуын асыға күтіп отырғанын атап өтті. Ол клубтың маусым алдындағы турына қосылады.
Айта кетейік, кезінде «ақсақалдар» украиналық футболшы үшін донецкілік «Шахтерге» түрлі бонустарды қоса алғанда, шамамен 100 миллион еуро төлеген болатын.
Бұған дейін «Челси» Дастан Сатпаевтың клубына трансферлік тыйым салынғаны үшін Англия футбол қауымдастығы тарапынан қатал жаза алғаны хабарланған еді.