«Мудрик Сатпаевке бәсекелес емес»: Құмыков «Челсидің» шабуылшыларын салыстырды
«Туран» клубының бас бапкері Виктор Құмыков Sports24.kz тілшісіне берген сұхбатында Лондондық «Челси» сапында бәсекеге түсе алатын Дастан Сатпаев пен Михаил Мудрикті салыстырды.
Мудрик ұзақ дисквалификациядан кейін алаңға оралады
Украиналық футболшыға қайтадан өнер көрсетуге мүмкіндік берілді. Бұл шешім Спорттық арбитраж сотының (CAS) оның төрт жылға допинг ережесін бұзғаны үшін алған дисквалификациясына берген апелляциясын ішінара қанағаттандыруынан кейін қабылданды.
Шабуылшы 2024 жылдың қарашасынан бері ресми матчтарға қатыспаған. Сол жылдың желтоқсанында допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний табылып, уақытша алаңнан шеттетілген еді. Кейін Мудрик төрт жылға дисквалификация алды, бірақ бұл шешімді CAS арқылы даулаған.
Шілденің соңында тараптар Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің қатысуымен келісімге келіп, Мудрикке бірден жарыстарға оралуға рұқсат берілді. «Челси» клубы да футболшыны қайтадан қатарынан көруге дайын екенін мәлімдеді.
Осы оқиғаның аясында Құмыков Мудрик пен жуырда ғана Лондондық клуб сапында алғашқы голын австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуде соққан Дастан Сатпаев арасындағы бәсекеге баға берді.
«Екеуінің бірін таңдау керек болса, қазір Мудрик Сатпаевқа бәсекелес емес деп ойлаймын. Себебі, Сатпаев жас, болашағы зор, Мудриктен жылдамырақ. Барлық жағынан нақтырақ.
Менің ойымша, ол жақсырақ. Егер таңдау керек болса, Мудрик кетіп қалар немесе қосалқыда отырады. Екеуі де негізгі құрамға ілігеді деп ойламаймын. Әзірге тек алаңға қосалқыдан шығу үшін бәсекелес болады», – деді бапкер.
Айта кетейік, бұған дейін Лондондық клуб донецктік «Шахтерден» футболшыны трансферлеуге бонустарды қоса есептегенде шамамен 100 миллион еуро жұмсаған болатын.