«Челси» – ПСЖ. Онлайн көру. LIVE көрсетілім
2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионаты өз шарықтау шегіне жетті. 14 шілдеге қараған түні Нью-Джерси штатындағы әйгілі «Метлайф» стадионында жер жаһанның ең мықты клубы анықталады - финалда ағылшындық «Челси» мен француздық «Пари Сен-Жермен» күш сынасады.
Бұл финал маусымның шын мәніндегі сәні болғалы тұр. Екі команда да шешуші кезеңге дейін шеберлік, тәртіп пен биік мақсаттарға деген ұмтылысты паш етті.
Энцо Мареска жаттықтыратын «Челси» 1/8 финалда «Бенфикамен» болған шиеленісті кездесуде тек қосымша уақытта басым түсіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Кейін ширек финалда бразилиялық «Палмейрасты» 2:1 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда «синдер» «Флуминенсемен» болған кездесуде сенімді ойнап, 2:0 есебімен финалға жолдама алды.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Ал ПСЖ турнирге Майамидің «Интерін» 4:0 есебімен ойсырата жеңіп кірісті. Ширек финалда париждіктер мюнхендік «Баварияны» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Алайда ең әсерлі нәтиже - жартылай финалдағы мадридтік «Реалмен» болған матч: 4:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің басты сенсациясын жасады.
Шешуші ойын Астана уақытымен түнгі 00:00-де басталады. Матчтың тікелей көрсетілімі Qazsport арнасында.