locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мареска мықты ПСЖ-ға қалай қарсы тұрамыз деп жауап берді

Энцо Мареска әр матчтың бәрі басқаша болуы мүмкін жеке оқиға деп санайды
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Мареска мықты ПСЖ-ға қалай қарсы тұрамыз деп жауап берді
ФОТО: Getty images

«Челсидің» бас бапкері Энцо Мареска ПСЖ-ға қарсы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы алдында ойын айтты.

"ПСЖ қазіргі уақытта Еуропадағы немесе тіпті әлемдегі ең үздік командалардың бірі екені анық. Бірақ менің ойымша, әр матч бөлек тарих. Барлығы басқаша болуы мүмкін. Біз жақсы ойын көрсетуге тырысамыз", - деді Энцо Мареска.

Финалдық ойын жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де басталатындықтан, «көктердің» бапкерінен ауа-райы туралы да сұрады.

"Біз АҚШ-қа бір ай бұрын келдік. Біз мұндай жағдайда ойнауға үйреніп қалдық. Екі команда үшін де жағдай бірдей", - деді Мареска.

Бұған дейін ПСЖ бас бапкері Луис Энрике мен париждік капитаны Маркиньос матч алдындағы пікірлерін айтқан болатын.

Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалдық ойыны «Челси» - «ПСЖ» матчы 14 шілдеге қараған түні Астана уақытымен 00:00-де өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie