Луис Энрике «Челсидің» ойыншысын жұдырығымен ұрғаны үшін жазаға тартылуы мүмкін
ПСЖ бас жаттықтырушысы Луис Энрике Клубтық әлем чемпионатының финалында «Челсиге» қарсы өткен матчтан кейінгі агрессивті әрекеті үшін қатаң жазаға тартылуы мүмкін.
Финалдық ысқырықтан кейін алаңда екі команда ойыншылары мен жаттықтырушыларының арасында жанжал туындап, камераларға Энрикенің Лондон командасының шабуылшысы Жоао Педроның бетіне итеріп жіберген сәті анық түсіп қалды. Бұрынғы испандық төреші Иттуральде Гонсалестің айтуынша, бұл әрекеті үшін Энрике ұзақ мерзімге шеттетілуі ықтимал.
«Луис Энрике Жоао Педроға шапалақ бергені үшін ұзақ уақытқа футболдан шеттетілуі мүмкін. Тіпті оны біраз уақытқа жаттығуларға қатысу құқығынан да айыруы ықтимал», – деп келтіреді The Touchline экс-төрешінің сөзін.
14 шілдеге қараған түні Нью-Йоркте өткен клубтық әлем чемпионатының финалында Лондонның «Челси» командасы Францияның «Пари Сен-Жерменін» 3:0 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды. Матч соңында командалар арасында жанжал шығып, сол кезде париждіктердің бапкері Луис Энрике «Челси» ойыншысы Жоао Педроны итеріп жіберген. Матчтан кейінгі пікірінде испан маманы бұл әрекетін «ең дұрыс шешім болмады» деп бағалады.