locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Луис Энрике әлем чемпионатындағы Челси - ПСЖ финалы туралы айтты

Испандық бапкер ПСЖ жеңілген кезде қазіргіден жақсы жаттықтырғанын айтты
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Луис Энрике әлем чемпионатындағы Челси - ПСЖ финалы туралы айтты
ФОТО: Getty images

Пари Сен-Жерменнің бас бапкері Луис Энрике клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалындағы «Челсиге» қарсы матч қарсаңында пікір білдірді.

— Маусымның соңғы ойындарына керемет формада келдік. Біз клуб тарихына ендік және бұл тарихты әрі қарай жалғастырғымыз келеді. Егер осы маусымды бағаласақ, ол ерекше болды, — деді Луис Энрике, бұл маусымның керемет өткенін атап өтіп.

Сондай-ақ бапкерден қазіргі кезең — «ПСЖ» көптеген трофейлерді жеңіп, әлемнің үздік клубтарын ұтып жатқан тұс — оның бапкерлік мансабындағы ең сәтті кезең деп айтуға бола ма деген сұрақ қойылды.

— Жоқ. Біз жеңіліп, мені сынап жатқан шақтарда әлдеқайда дұрыс шешімдер қабылдаған шығармын. Қазір сіздер мен бәрін дұрыс істеп жатырмын деп ойлайсыздар, өйткені біз жеңіп жатырмыз. Бірақ мен әлі де қателесемін. Бұрын, жеңілген кездерде, бәлкім, мен жақсырақ жұмыс істеген шығармын. Қазір тек нәтиже бізге қарай болып тұр, — деп жауап берді Энрике.

Бұған дейін «ПСЖ» капитаны Маркиньос та алдағы «Челсиге» қарсы финалға пікір білдіріп, маусым басынан бастап жеңісті мақсат еткендерін, ал егер бұл титулды жеңіп алса, онда маусым мінсіз болатынын айтқан.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie