locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ПСЖ финалда жеңіске жетсе, қанша табыс табатыны белгілі болды

ПСЖ-ға 124 миллион еуро әкелетін финал: жеңіс – тарихи табысқа жол
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ПСЖ финалда жеңіске жетсе, қанша табыс табатыны белгілі болды
ФОТО: Getty images

2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының шешуші ойыны «Пари Сен-Жермен» үшін тек спорттық мақсат емес, сонымен қатар қаржылық тұрғыдан да үлкен мүмкіндікке айналғалы отыр. L’Équipe басылымының хабарлауынша, француз клубы АҚШ-тағы турнирде өнер көрсету арқылы 90 миллион еуро табыс тапқан.

Енді, егер париждіктер финалда «Челсиді» жеңсе, клубтың табысы тағы 34 миллион еуроға көбеймек. Бұл сома жалпы кірісті 124 миллион еуроға жеткізіп, трансферлік кезеңде қосымша қаржы жұмсауға мүмкіндік береді. Осы табыс ПСЖ-ның құрамын нығайтып, Еуропадағы беделін арттыра түсуге сеп болмақ.

Айта кетейік, финалдық матч 13 шілде күні түнде Нью-Джерсидегі «Метлайф» стадионында өтеді. Басталуы - 00:00 (Астана уақытымен).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie