locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Неймар Бразилия құрамасындағы мансабын аяқтағанын растады

Ол 2010 жылдан бері ұлттық құрама сапында 130 матч өткізіп, 80 гол және 59 нәтижелі пас берген
ФОТО: Getty Images

«Сантос» шабуылшысы Неймар Бразилия құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

34 жастағы Неймар — «селесао» тарихындағы үздік сұрмерген.

Ол ұлттық құрама сапында 2010 жылдан бері 130 матч өткізіп, 80 гол мен 59 нәтижелі пастың авторы атанды.

«Менің Бразилия құрамасындағы тарихым аяқталды деп ойлаймын. Барымды салдым. Бүкіл жүрегім мен өмірімді арнадым, бірақ қазір бұған қайта оралғым келмейді», – деп келтіреді Неймардың сөзін Actu Foot әлеуметтік желідегі X парақшасында.

Бұған дейін де Неймар ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын мәлімдеген болатын.

«Мен тырыстым, мен барымды салдым. Енді бәрі бітті. Мен осында бастадым, осында аяқтадым», – деді Неймар әлем чемпионатынан кейін.

2026 жылғы әлем чемпионатында Бразилия құрамасы 1/8 финалға дейін жетіп, Норвегия құрамасынан (1:2) жеңіліп қалды. Турнирдің жеңімпазы Испания құрамасы атанды.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie