locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чехия әлем чемпионатында ОАР-ды жеңе алмады

ОАР Чехиямен матчта жеңілістен аман қалды
Чехия әлем чемпионатында ОАР-ды жеңе алмады
ФОТО: Getty images

Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары әлем чемпионаты-2026 топтық кезеңінің екінші турында тең түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Чехия құрамасы матчтың алтыншы минутында алға шықты. Команда сапынан Садилек мергендік танытты. Чехтар ұзақ уақыт бойы жеңісті ұстап тұрғанымен, ойын соңында қарсылас есепті теңестіріп кетті.

83-минутта ОАР құрамасының жартылай қорғаушысы Мокоэна пенальтиді дәл орындап, өз командасын жеңілістен құтқарды.

Әлем чемпионаты-2026. А тобы. Екінші тур
Чехия - Оңтүстік Африка Республикасы - 1:1
Голдар:
Садилек, 6 - Мокоэна, 83 (пенальти).

Екі құрама үшін де бұл турнирдегі екінші матч болды. Бірінші турда Чехия Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен жол берсе, Оңтүстік Африка Республикасы Мексикадан 0:2 есебімен жеңілген еді.

Осылайша, Чехия мен ОАР әлем чемпионатындағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді. Дегенмен, екі команда да плей-офф кезеңіне шығу үшін келесі турда оң нәтижеге қол жеткізуі қажет.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie