Чехия - ОАР. Онлайн қараңыз
Бүгін, 18 маусымда ойнайды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
18 маусым кешінде Чехия және Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турын ашады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл командалар А тобында, олардың топтағы қарсыластары – Мексика мен Оңтүстік Корея құрамалары.
Ойын «Мерседес-Бенц Стэдиум» стадионында (Атланта, АҚШ) өтеді.
Кездесудің бастапқы ысқырығы Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-де естіледі. Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында қолжетімді болады.
Айта кетейік, чехтер алғашқы ойында корейлерге 2:1 есебімен есе жіберді.