locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чебурин Қазақстан құрамасының Англиядан жеңілгеніне пікір білдірді

Ағылшындар Қазақстанның U-21 құрамасын өз алаңында 4:2 есебімен жеңді
ФОТО: kazfootball.kz

Қазақстанның U-21 құрамасының бас бапкері Владимир Чебурин Англияға қарсы Еуро-2027 іріктеу матчындағы жеңіліске пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ағылшындар Қазақстан құрамасын 4:2 есебімен жеңді.

«Матчтың өте қиын өтетінін болжадық. Жеке шеберлігі де, командалық шеберлігі де жоғары мықты командаға қарсы ойнадық.

Осы матчтағы жақсы ойындары, бар күшін салғаны және мойымағаны үшін ойыншыларымызға алғыс айтқым келеді. Жылдам гол соқтық, кейін екіншісін де енгіздік — ойлағанымызды жүзеге асырдық. Англияға қарсы матчта осыншама мүмкіндік жасау — үлкен жетістік.

Әрине, нәтиже біз күткендей болған жоқ, бірақ көңіліміз қалды деп айта алмаймын. Біз бүкіл команда болып қорғанып, бүкіл команда болып шабуылдаймыз. Бүгін жақсы сәттеріміз аз болған жоқ. Бұл — біздің жұмысымыз. Келесі матчтарда жолымыз міндетті түрде болады деп үміттенеміз», - деп Турловтың сөзін Sportarena.kz келтіреді.

Англия құрамасы осы нәтижеден кейін 22 ұпай жинап, D тобындағы көшбасшы мәртебесін нығайтты. 4 ұпайы бар Қазақстан соңғы орында тұр және бұған дейін топтан шығу мүмкіндігінен айырылған.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie