Жібек Құламбаева Азия ойындарындағы старт алдында маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Аити-Нагояда өтетін Азия ойындарындағы старт алдында өзінің дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Айта кетейік, турнирдегі алғашқы матчында Жібек Құламбаева Бейбіт Жұқаевпен бірге микст разрядында Пәкістаннан келген Ақил Хан мен Ушна Сахаил жұбына қарсы ойнайды. Ойын 27 қыркүйекте өтеді.
«Матчтан матчқа қарай жылжитын боламыз, алайда негізгі мақсат – жүлдегерлер тұғырынан көріну. Барлығы командалық турнирлердің, ұлттық құрама сапындағы матчтардың мүлде бөлек сезім екенін түсінеді. Оның үстіне, неғұрлым көп ойнаған сайын, мұндай жарыстарда ойын өткізу тәжірибең де арта түседі. Ел намысын қорғау мүмкіндігі әрдайым зор маңызға ие», – деді Жібек Құламбаева.
Еске салайық, бұған дейін Азия ойындарындағы теннис турнирінің жеребесі тартылды. Оның қорытындысы бойынша Соня Жиенбаева рейтингте 525-орында тұрған Гонконг өкілі Адитья Карунартнеге қарсы ойнайды, ал Юлия Путинцева Жапониядағы турнирдегі алғашқы матчында Пәкістан спортшысы Ушна Сахаилмен кездеседі.