locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан бес гол соғылған матчта Англиядан жеңілді

Англия құрамасы өз алаңында 4:2 есебімен жеңісті жұлып алды
ФОТО: KFF

25-нен 26 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясында Англияға қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Вулверхэмптондағы кездесу алаң иелері үшін күтпеген жерден басталды: Артем Литош Қазақстанды алға шығарды.

Алайда қуаныш ұзаққа созылмады: Қазақстан құрамасы ойыншыларының бірқатар қателігі Али Турғановтың автоголына әкелді. Ал тағы бірнеше минуттан кейін Ачимпонг Англияны алға шығарды.

Дегенмен Қазақстан қол қусырып қарап отырмады: Сэйф Попов үзіліске санаулы сәт қалғанда есепті теңестірді — 2:2. Ойын уақытының бір сағаты өткенде англиялықтар Аллейннің голы арқылы алғаш рет алға шықты.

Ал матчтағы жеңіс голын қосымша уақытта Ланкшир соқты — таблода 4:2 есебі тіркелді.

Осы нәтижеден кейін Англия құрамасы 22 ұпай жинап, D тобының көшбасшысы мәртебесін нығайтты. 4 ұпайы бар Қазақстан соңғы орында тұр және бұған дейін-ақ топтан шығу мүмкіндігінен айырылған болатын.

Жастар арасындағы Еуро-2027 іріктеуі

D тобы

Англия U-21 – Қазақстан U-21 – 4:2

Голдар: Турғанов, автогол, 26, Ачимпонг, 32, Аллейн, 60, Ланкшир 90+1 – Литош, 3, Попов, 43

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie