Беллингем және компаниясы: Англия – Қазақстан матчының негізгі құрамдары
25 қыркүйектен 26 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның футболдан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясында Англия құрамасына қарсы матч өткізеді. Ойын Вулверхэмптонда өтеді, бастапқы ысқырық Қазақстан уақытымен 23:30-да естіледі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Командалардың бас бапкерлері матчқа шығатын негізгі құрамдарды жариялады.
Қазақстан U-21: Рихард, Каримов, Тұрғанов, Асқаров, Малиқайдар, Байбек, Нұрымбет, Оматай, Труфанов, Литош, Попов.
Англия U-21: Бидл, Льюис, Аллейн, Ачимпонг, Мфуни, Кинг, Беллингем, Грей, Нванери, Мубама, Гиттенс.
Англия – Қазақстан матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ ойынды телеарнаның ресми сайтынан көруге болады.
Англия құрамасы матчқа D тобындағы көшбасшы мәртебесінде келеді. Қазақстан соңғы орында тұр және топтан шығу мүмкіндігінен айырылып үлгерді.
