locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тоқаев Турловты FIDE президенті болып сайлануымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қазақстан шахмат федерациясының басшысына құттықтау жеделхатын жолдады
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: dknews.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шахмат федерациясының басшысы Тимур Турловқа оның Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті қызметіне сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мемлекет басшысы отандасымызға беделді дүниежүзілік ұйымның басшысы ретінде табыс тіледі.

Еске салайық, Турлов Халықаралық шахмат федерациясының басшысы болып сайланды. FIDE-нің жаңа басшысын сайлау Халықаралық шахмат федерациясының Самарқандта өткен Бас ассамблеясында өтті. Турловпен бірге FIDE президентінің орынбасары қызметіне шахматтан бес дүркін әлем чемпионы Вишванатан Ананд ұсынылды.

Еске салайық, Турлов Қазақстан шахмат федерациясын 2023 жылдан бері басқарып келеді. FIDE мәліметінше, Қазақстанда шахматты мектептегі білім беру жүйесіне енгізу бағдарламасы 1 500-ден астам мектеп пен шамамен 60 мың баланы қамтыды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie