locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Алғашқы екі кезең үшін ұяламын»: Кравец «Барыстың» «Нефтехимиктен» жеңілуі туралы

Астаналық команда өз алаңындағы серияны сәтсіз бастады
ФОТО: «Барыс»

Астаналық «Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец ҚХЛ тұрақты чемпионатында Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасынан жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан хоккейінің флагманы өз алаңында Нижнекамскіден келген қонақтарға 3:6 есебімен есе жіберді. Алаң иелері сапында дәл соққыларымен Пилон, Симонов және Өмірбеков көзге түсті.

«Жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді, көрермен өте көп жиналды. Алғашқы екі кезең үшін, ұқыпсыздық, жинақылықтың болмауы және мұз үстіндегі дұрыс емес әрекеттер үшін ұяламын. Біз бұл команданың қалай ойнайтынын, қарсы шабуылдарды пайдаланатынын білдік, бірақ, өкінішке қарай, ойлағанымызды жүзеге асыра алмадық. Допты өте көп жоғалтып, өрескел қателіктер жібердік. Бірінші кезеңдегі 0:1 есебі — қақпашымыздың еңбегі.

Екінші кезеңде де бәрі сол күйінде қалды — ойын тапсырмасы орындалмады. Сол көпшіліктегі басымдық кезінде де біз неге екені белгісіз асығып, бір нәрсені тезірек жасауға тырысамыз. Ал қарсыласты өзімізге тартуымыз керек, содан кейін жағдайды шешу қажет.

Үшінші кезеңде қарсылас басқаша ойнады, біздің тарапымыздан дұрыс әрекеттер байқалды, қақпаға соққылар жасалды, қайтарылған шайбаларға добивание болды, қақпаға ұмтылдық, қорғаныста дұрыс ойнадық, көпшіліктегі басымдықты пайдаланып жақсы гол соқтық. Үшінші кезеңде жақсы ойын көрсеттік, осы деңгейді ертеңге сақтауымыз керек», — деп Кравецтің сөзін shaiba.kz келтіреді.

Осы матчтан кейін «Барыс» 10 ұпаймен төртінші орында қалды, ал Нижнекамск командасы 13 ұпай жинап, Шығыс конференциясының көшбасшысына айналды.

Астаналық команда ҚХЛ аясындағы өз алаңындағы сериясын 27 қыркүйекте Санкт-Петербургтің СКА клубына қарсы матчпен жалғастырады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie