Путинцева мен Жиенбаева Азия ойындарындағы алғашқы қарсыластарын білді
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Жапонияда өтетін 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласының кім екенін білді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жеребе қорытындысы бойынша Жиенбаева рейтингте 525-орында тұрған Гонконг өкілі Адитья Карунартнемен кездеседі.
Сонымен қатар, аралас жұптық сында қазақстандық Анна Данилина мен Александр Шевченко пәкістандық Айсам-уль-Хак Куреши және Махин Афтаб Курешиден құралған жұпқа қарсы ойнайды.
Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев пен Жібек Құламбаева Пәкістанның тағы бір жұбы — Акил Хан мен Ушна Сахаилге қарсы кездеседі.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Юлия Путинцева Жапониядағы турнирдегі алғашқы матчында Пәкістан өкілі Ушна Сахаилмен ойнайды.
Бұған дейін Путинцева Азия құрлығындағы төрт жылда бір өтетін басты спорттық додаға қатысу алдындағы көңіл күйі туралы айтып берген болатын.