locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ӘЧ-2026 алғашқы матчы ауа райына байланысты өтпей қалуы мүмкін

2026 жылғы әлем чемпионатының басталуы қауіп астында қалды
ӘЧ-2026 алғашқы матчы ауа райына байланысты өтпей қалуы мүмкін
ФОТО: Getty images

2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу матчы ауа райына байланысты өтпей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мексика мен ОАР құрамалары арасындағы турнирдің алғашқы ойынына Эль-Ниньо деп аталатын табиғи құбылыс қауіп төндіріп отыр.

Мамандардың мәліметінше, мұхиттағы жылу толқыны АҚШ пен Мексика аумағында нөсер жауын, найзағай және күшті дауылдарға себеп болуы ықтимал.

ӘЧ-2026 турнирінің алғашқы матчы қауіп астында қалды

Қазіргі таңда синоптиктер Мехико қаласындағы ауа райын ерекше бақылауға алған. Дәл осы жерде әлем чемпионатының ашылу ойыны өтуі тиіс.

AccuWeather сарапшысы Алекс Даффустың айтуынша, турнир басталар тұста Мехико аймағында қатты жаңбыр мен найзағай қаупі күрт артып отыр.

Метеорологтардың пікірінше, тропикалық ылғалдың көбеюі матчтардың өтуіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

ФОТО: Getty images

ӘЧ-2026 тарихтағы ең ауқымды турнир болмақ

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Бұл мундиаль тарихтағы ең ірі турнир болмақ - алғаш рет әлем чемпионатына 48 құрама қатысады.

Сонымен қатар турнир матчтарының билеттері 100 доллардан 6 370 долларға дейін бағаланғаны белгілі болды.

Әлем чемпионаты тарихындағы ең табысты құрама - Бразилия. «Селесао» бес рет әлем чемпионы атанған (1958, 1962, 1970, 1994, 2002).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie