Қазақстандық клуб Норвегия құрамасының шабуылшысымен трансфер жасасқанын жариялады
Бьёрн Йонсен «Ордабасыға» ауысты
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Шымкенттік «Ордабасы» Норвегия ұлттық құрамасының шабуылшысы Бьёрн Йонсеннің трансфері туралы ресми түрде хабарлады, деп жазады Sports24.kz.
34 жастағы шабуылшы соңғы айларда Сауд Арабиясының «Аль-Вахда» клубында ойнап, енді Қазақстанға ауысты.
2017-2021 жылдар аралығында ол Норвегия құрамасында 16 матч өткізіп, 5 гол соқты.
Айта кету керек, өткен жылы норвегиялық шабуылшы УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу матчында «Ордабасыға» қарсы ойнап, «Торпедо Кутаиси» сапында дубль авторы атанып, өз командасын келесі кезеңге алып шыққан болатын.
Жалпы, кәсіби мансабында ол 381 матч өткізіп, 147 гол соғып, 23 нәтижелі пас берген.
Келісімнің шарттары мен келісімшарт мерзімі жарияланған жоқ.