«Біз аутсайдерміз» – Бельгия құрамасының бапкері ӘЧ-2026-дағы мүмкіндіктері туралы
Бельгия ұлттық құрамасының бас бапкері Руди Гарсия алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы командасының мүмкіндіктеріне баға берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Ең алдымен, біз топтық кезеңнен өткіміз келеді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда алға жылжу болар еді. Одан әрі не боларын көреміз. Барлығы қарсыластарымызға байланысты болады. Бірақ бастысы – Нью-Йоркке дейін жарыстан шығып қалмау. Біз бұрынғыдай алты жыл бойы ФИФА рейтингінде көш бастап тұрған ел емеспіз. Біз аутсайдерміз, бұл қалыпты жағдай. Мен жаттықтырушы ретінде мұндай жағдайларға үйренгенмін», – дейді Руди Гарсияның сөзін Football Italia келтіреді.
Әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Бұл жолы алғаш рет 48 команда бақ сынайды.
Бельгия құрамасы топтық кезеңде Египет, Иран және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.