Босния және Герцеговина құрамасы әлем чемпионатында «Астана» ойыншысы бойынша шешім қабылдады
Швейцария мен Босния және Герцеговина құрамалары әлем чемпионаты-2026 топтық кезеңінің екінші турындағы матчқа арналған негізгі құрамдарын анықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін басты жаңалықтардың бірі 1«Астана» клубының жартылай қорғаушысы Иван Башичтің негізгі құрамда алаңға шықпайтыны болды. Босниялық футболшы алғашқы турда Канадаға қарсы матчты алғашқы минуттардан бастаған еді, алайда бұл жолы қосалқы құрамда қалды.
Швейцария: Кобель, Родригес, Видмер, Эльведи, Аканджи, Эмболо, Ндой, Джака, Фройлер, Эбишер, Ридер.

Босния және Герцеговина: Василь, Колашинац, Катич, Дедич, Мухаремович, Джеко, Демирович, Шунич, Мемич, Тахирович, Алайбегович.

Турнирдің алғашқы турында Босния және Герцеговина құрамасы Канадамен 1:1 есебімен тең түсіп, жеңісті уыстан шығарып алған болатын. Ал Швейцария Катармен өткен матчта дәл осындай есеп тіркелді - 1:1.
Кездесу Лос-Анджелесте өтеді. Ойын Астана уақытымен 00:00-де басталады.