locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Атлетико Мадрид» бас директоры «Астана» және «Жеңіс» орталықтарының тәрбиеленушілерімен кездесті

Қазақстан футбол федерациясы мен «Атлетико Мадрид» арасындағы ынтымақтастық футбол инфрақұрылымын дамыту, жас ойыншыларды даярлау салаларында жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған
Футбол
ФОТО: КФФ
Қазақстанға сапары аясында «Атлетико Мадрид» футбол клубының бас директоры Мигель Анхель Хиль Марин Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне барды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Футбол үйінде Мигель Анхель Хиль Марин Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровпен кездесті. Тараптар Қазақстанда футболды дамыту, екіжақты ынтымақтастықты нығайту және инвестициялық серіктестіктің ықтимал бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ «Атлетико Мадрид» бас директоры Қазақстан футболының тарихына арналған ҚФФ музейінің экспозициясымен танысты. Музейде елдегі футболдың қалыптасуы мен дамуын көрсететін жәдігерлер қойылған.

Сапар барысында Мигель Анхель Хиль Марин «Астана» және «Жеңіс» футбол орталықтарының тәрбиеленушілерімен кездесіп, жас футболшылармен естелік суретке түсті.

Қазақстан футбол федерациясы мен «Атлетико Мадрид» арасындағы ынтымақтастық футбол инфрақұрылымын дамыту, жас ойыншыларды даярлау және халықаралық тәжірибе алмасу салаларында жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie