locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бернли» Дастан Сәтпаевсыз өткен матчта жеңісті уысынан шығарып алды

Қазақстандық шабуылшы жарақатына байланысты Чемпионшиптің 14-турындағы кездесуге қатыса алмады
Футбол
«Бернли» Дастан Сәтпаевсыз өткен матчта жеңісті уысынан шығарып алды
ФОТО: Getty images
Чемпионшип Англия
03.11.2026, Аяқт.
Куинз Парк Рейнджерс
1
Бернли
1

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» Англия Чемпионшипінің 14-турында лондондық «Куинз Парк Рейнджерспен» тең түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.

3 қарашада Лондондағы «Лофтус Роуд» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның алғашқы бөлігінде қонақтар басымдыққа ие болды. 38-минутта Джейми Вардидің пасын қабылдаған бельгиялық жартылай қорғаушы Ларжи Рамазани айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, «Бернлиді» алға шығарды. Бірінші тайм қонақтардың пайдасына аяқталды.

Үзілістен кейін алаң иелері есепті теңестіруге мүмкіндік тапты. 65-минутта француз жартылай қорғаушысы Жонатан Варан мергендік танытты. Қалған уақытта екі команда да қарсылас қақпасына жол таба алмады.

Англия Чемпионшипі. 14-тур
«Куинз Парк Рейнджерс» – «Бернли» – 1:1
Голдар:
Варан, 65 – Рамазани, 38.

Ал қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев санның артқы бұлшық етінен алған жарақатына байланысты матчқа қатысқан жоқ. Бұған дейін 18 жастағы футболшы осы себеппен «Портсмутқа» қарсы кездесуді де өткізіп алған болатын. Ол ойын 0:0 есебімен аяқталған еді.

Айта кетейік, бұл «Бернлидің» жаңа бас бапкері Фабио Челестини жетекшілігімен өткізген екінші матчы. Ники Хайеннің орнына келген швейцариялық маман әзірге команда тізгінінде алғашқы жеңісіне қол жеткізе алмады.

Осылайша, «Бернлидің» Чемпионшиптегі жеңіссіз сериясы бес матчқа жетті. 14 турдан кейін он ұпай жинаған команда турнир кестесінде 22-орында қалып, төменгі дивизионға түсіп қалу аймағынан шыға алмады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie