«Бернли» Дастан Сатпаевтың алғашқы жаттығуының видеосын жариялады
Англиялық «Бернли» Дастан Сатпаевтың жарақаттан кейінгі алғашқы жаттығуынан видеоны жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасының форварды 8 қазанда «бордолықтардың» жалпы тобына қосылып, жаттығуға кірісті. Сатпаевтың «Бернли» сапындағы жаттығуының видеосы төменде ұсынылған.
Қазақстандық форвард 2 қыркүйекте «Мидлсбромен» өткен ойында алған жарақатынан кейін алғаш рет алаңға шығуы мүмкін. Жарақат алғанға дейін Дастан «Бернли» сапында төрт ресми матч өткізді.
Сатпаев Чемпионшипте «Вест Бромвичке», «Норвичке» және «Мидлсброға» қарсы ойнады. Сондай-ақ Англия лигасы кубогында «Брэдфорд Ситиге» қарсы матчты негізгі құрамда бастады. Жалпы, 18 жастағы форвард алаңда 283 минут өткізіп, әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
«Бернли» мен «Уотфорд» арасындағы кездесу 10 қазанда Уотфордтағы «Викаридж Роуд» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Айта кетейік, Сатпаевтың командасы сегіз матчтан кейін Чемпионшиптің соңғы орнында келеді. Оның еншісінде төрт ұпай бар.