Барселона – Осасуна ойынының жаңа күні қашан белгіленеді?
"Барселона" – "Осасуна" матчы Карлес Миньярроның қайтыс болуына байланысты кейінге шегерілді.

Енді Ла Лига, федерация және клуб өкілдері жаңа күнді анықтауы керек, бірақ тығыз ойын кестесі бұл процесті қиындатады.
Қазіргі таңда екі негізгі нұсқа қарастырылып жатыр. Біріншісі – 27 наурыз, халықаралық үзілістен кейінгі күн. Алайда Араухо мен Рафинья ұлттық құрамаларына шақырту алса, олар дер кезінде орала алмауы мүмкін. Екінші ықтимал күн – 19-25 мамыр аралығы, Ла Лиганың 37-38 турларының арасында.
Егер "Барселона" Кубок немесе Чемпиондар лигасының финалдарына өте алмаса, қосымша нұсқалар пайда болады. Бұл жағдайда ойын сәуір айының соңында немесе еурокубоктік апталардың бірінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Матчтың нақты мерзімі каталондық клубтың халықаралық турнирлердегі нәтижелеріне және Ла Лиганың шешіміне байланысты анықталады.