«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы «Барселонаның» чемпиондық мүмкіндігін бағалады
«Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Ла Лигадағы чемпиондық бәсекеге қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, қазіргі «Барселона» сенімді ойнап, чемпиондыққа нық қадам басып келеді.
«Команда жақсы қарқын алған. Жас ойыншылар жүктемеге қарамастан сапалы матчтар өткізіп жатыр. Кейде бәрі сәтімен өтіп жатса, жаттығудан гөрі ойынның өзі пайдалырақ болады. «Осасунамен» кездесуде бұл анық байқалды»,-деді Аршавин «Все на Матч!» бағдарламасында.
Сарапшының пайымынша, чемпион атағы тағдырын «Барселона» мен «Реал» арасындағы беттесу шешеді. Каталониялықтар жеңсе, онда титул олардың қолда. Ал мадридтіктер ұтса, жарыс қайта жанданады.
Наурыздың 28-і күні Ханси Фликтің шәкірттері «Осасунаны» 3:0 есебімен тас-талқан етіп, Ла Лиганың жеке көшбасшысына айналды. Қазір олардың қоржынында 63 ұпай. «Реалдың» еншісінде 28 турдан кейін 60 ұпай бар.