locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» - «Осасуна» - 3:0. Каталондықтардың кезекті ірі жеңісі! Голдар және матчқа бейнешолу

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
«Барселона» - «Осасуна» - 3:0. Каталондықтардың кезекті ірі жеңісі! Голдар және матчқа бейнешолу
ФОТО: Getty Images

Наурыздың 27-нен 28-іне қараған түні Испания Примерасының 27-ші турының кейінге қалдырылған «Барселона» -«Осасуна» (3:0) ойыны өтті.

  • Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Ойын «блаугрананың» жылдам голымен басталды - 11-минутта Ферран Торрес Алехандро Балденің кроссын аяқтады. Бірнеше минуттан кейін Дани Ольмо пенальти тауып, оны өзі орындады. Бірақ қақпашы Эррера доптың бағытын болжап, қақпасын сақтап қалды. VAR командасы эпизодқа араласып, ереженің бұзылуына байланысты қайта соққыға бұйрық берді - Ольмо екінші рет қателеспеді. Матчтағы соңғы нүктені екінші таймда алаңға шыққан Роберт Левандовски қойды. Ол 77-минутта Фермин Лопестің көтерген пасын баспен қақпаға бағыттады.

Нәтижесінде таблода 3:0 болып, каталондықтар тағы да ірі жеңіс жасап, 63 ұпаймен Ла Лиганың жалғыз көшбасшысы атанды.

Ла Лига. 27-ші тур. 28 наурыз

«Барселона» - «Осасуна» - 3:0

Голдар: Торрес, 11, Ольмо, 21 (пенальти), Левандовски, 77.

Матчқа бейнешолу:

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie