«Барселона» «Осасунаны» ойсыратып, Ла Лигада жалғыз көш бастады
Наурыздың 27-нен 28-іне қараған түні Испания Примерасының 27-ші турының кейінге қалдырылған «Барселона» -«Осасуна» ойыны өтті.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Бастапқы ысқырықтан допқа иелік еткен «Барселона» матчтың 21-минутында 2 гол айырмасымен алға шықты. Ферран Торрес гол соғып, Дани Ольмо пенальтиді сәтті орындады. Екінші таймда каталондықтар «энергия үнемдеу» режимінде ойнап, тек 77-минутта ғана есепті еселей алды – Роберт Левандовски Фермин Лопестің пасын аяқтады.
Осылайша, Ханси Флик шәкірттері қарсыластарын ойсыратып, 63 ұпаймен Ла Лиганың жалғыз көшбасшысы атанды. Ең жақын қарсыласы мадридтік «Реал» чемпионаттың 28 ойынынан кейін 60 ұпаймен екінші тұр.
Ла Лига. 27-ші тур. 28 наурыз
«Барселона» - «Осасуна» - 3:0
Голдар: Торрес, 11, Ольмо, 21 (пенальти), Левандовски, 77.
