«Осасуна» «Барселонаға» қарсы өткен ойын нәтижесіне шағым түсірді
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
«Осасуна» Иньиго Мартинестің кешегі матчқа қатысқанына наразы және ресми түрде RFEF-ке шағымданды.
«Барселона» ойыншысы «Осасунаға» қарсы матчқа (3:0) медициналық болжам бойынша дайын болмауы тиіс еді.
FIFA ережесі бойынша жарақатына байланысты құрамаға бармаған немесе кетуге мәжбүр болған ойыншыға халықаралық үзіліс аяқталғаннан кейін кемі бес күн ойнауға болмайды екен.
«Осасуна» бұл жағдайды ереже бұзу деп санап, матч нәтижесін қайта қарауды сұрап отыр. «Барселонаға» техникалық жеңіліс берілуі мүмкін.
Ал Иньиго оң жақ тізесіндегі жарақатқа байланысты Испания құрамасының ойындарына қатыспаған еді.