locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» Гампер кубогындағы қарсыласын жариялады

Испания чемпионы жаңа маусым қарсаңында мысырлық «Әл-Ахлимен» кездеседі
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Барселона» Гампер кубогындағы қарсыласын жариялады
ФОТО: Getty images

«Барселона» Жоан Гампер кубогы аясында мысырлық «Әл-Ахлиге» қарсы ойнайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу 19 тамыз күні «Спотифай Камп Ноу» стадионында өтеді. Бұл дәстүрлі маусымалды турнирдің тарихындағы 61-ші матч болмақ.

Каталониялық клуб үшін бұл ойын жаңа маусым алдындағы соңғы дайындық кезеңдерінің бірі саналады. Өткен жылғы Гампер кубогында «Барселона» Италияның «Комо» клубын 5:0 есебімен ірі жеңген еді.

«Көк-анарлылар» жаңа маусымды Испанияның қазіргі чемпионы ретінде бастайды. Команда өткен маусымда Ла Лигада топ жарып, сондай-ақ Испания Суперкубогын жеңіп алып, тағы екі маңызды ұлттық жүлдені еншіледі.

Жоан Гампер кубогы 1966 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәстүрлі турнир «Барселона» клубының негізін қалаушы Жоан Гампердің құрметіне аталған және жыл сайын каталониялық клубтың өз алаңында ұйымдастырылады.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie