locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» 2026–2027 маусымының жаңа қонақ формасын таныстырды

Алтын түсті бөлшектер басты мақсаттарға ұмтылу мен трофейлерді жеңіп алуға деген үздіксіз құштарлықты бейнелейді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
фото: ФК "Барселона"

Испаниялық «Барселона» өз ресми сайтында 2026/2027 маусымына арналған жаңа қонақ жейде жиынтығын таныстырды, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Жаңа форма – осы көзқарастың көрнекі көрінісі. Kobe бренді эстетикасынан шабыттанған жейде қара түсте жасалған, ол «Барселонаға» да, Kobe Bryant брендіне де тән табандылық пен бәсекеге толы рухты білдіреді. Футболканың төменгі бөлігіне қарай біртіндеп күлгін түске ауысуымен ерекшеленеді – бұл түс Bryant-тың спорттық мансабымен тығыз байланысты. Алтын түсті бөлшектер басты мақсаттарға ұмтылу мен трофейлерді олжалауға деген үздіксіз құлшынысты білдіреді, ал графикалық элементтер қатарында Kobe Bryant-тың айрықша стиліне нәзік сілтемелер бар», – делінген клуб хабарламасында.

Айта кетейік, креативті кампания сенімділік ұғымына негізделген: ол қажырлы еңбек пен өзіне сенімділік арқылы, өз шегіңнен асуға ұмтылу идеясына құрылған. Бұл тәсіл «Барселонаның» бәсекелік рухы мен Kobe Bryant-тың мұрасын айқын көрсетеді, өйткені екі аңыздың да ортақ мақсаты – әрдайым жарысып, жаңа биіктерге ұмтылу.

Бұған дейін мадридтік «Реал» ресми түрде 2026/27 маусымына арналған жаңа қонақ формасын таныстырған болатын.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie