Анна Данилина Вашингтондағы турнирді ерте аяқтады
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан WTA 500 турниріндегі өнерін алғашқы кездесуінен кейін аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Данилина бұл жарыста канадалық Лейла Фернандеспен бірге өнер көрсетті. Алайда қазақстандық-канадалық жұп ширек финал жолдамасы үшін өткен матчта Қытай өкілдері Чжан И мен Сюй Ифаньға есе жіберді.
WTA 500. Вашингтон. Жұптық сын. Бірінші айналым
Анна Данилина / Лейла Фернандес – Чжан И / Сюй Ифань – 2:6, 4:6

Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.
Осылайша, Қазақстанның үздік жұптық теннисшісі Вашингтондағы WTA 500 турниріндегі жарыс жолын алғашқы кезеңде аяқтады.
Жеңіске жеткен жағдайда Анна Данилина мен Лейла Фернандес келесі айналымда теннис аңызы Винус Уильямспен кортта кездесуге мүмкіндік алар еді. Алайда қазақстандық-канадалық жұптың жеңілісінен кейін америкалық жұлдызға қарсы ойнау мүмкіндігі қытайлық Чжан И мен Сюй Ифаньға бұйырды.
Айта кетейік, Данилина Вашингтондағы 2026 жылғы турнирде Қазақстан атынан сынға түскен жалғыз теннисші болды.