locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Зидан Франция құрамасындағы жұмысының басты қағидаларын айтты

Жаңа бас бапкер өзінен бұрынғы мамандардың жолын қайталамай, ұлттық құраманың жеңісті дәстүрін жалғастырғысы келетінін мәлімдеді
Зидан Франция құрамасындағы жұмысының басты қағидаларын айтты
ФОТО: Getty images

Франция құрамасының жаңа бас бапкері Зинедин Зидан ұлттық командадағы жұмысына қатысты алғашқы көзқарасымен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Француз маманының айтуынша, ол өзінен бұрын қызмет атқарған бапкерлердің стилін қайталамайды және команданы өз ұстанымына сай дамытуды көздейді.

«Әр бапкердің өз жолы бар. Дидье Дешам – Дидье Дешам, Лоран Блан – Лоран Блан, ал мен – Зинедин Зиданмын. Мен өзім жақсы білетін жұмысты атқарамын. Сонымен бірге құраманың жеңісті дәстүрін сақтап, табысты жолын жалғастыруға күш саламын», – деді Зидан.

Сондай-ақ ол Дидье Дешамның Франция құрамасындағы еңбегін жоғары бағалайтынын айтып, енді ұлттық команданың тарихында жаңа кезең басталатынын жеткізді.

Айта кетейік, Зинедин Зидан бапкерлік мансабының басым бөлігін мадридтік «Реалда» өткізіп, клубпен бірге үш мәрте қатарынан Чемпиондар лигасын жеңіп алып, екі рет Испания чемпионы атанды.

29 шілдеде Франция футбол федерациясы Зинедин Зиданның ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне ресми түрде тағайындалғанын жариялады. 53 жастағы маманмен жасалған келісімшарт 2030 жылға дейін есептелген.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie