Курьез: Ла Лига «Винисиус ережесін» қолданбайды
2026 жылғы Әлем чемпионаты — ойыншылар ауызын қолымен жапқан түрде сөйлескен кезде алаңнан қуылатын, «Винисиус ережесі» алғаш рет қолданылған турнир болды. Бірақ, осы ереженің шығуына себепкер болған елдің чемпионатында бұл талап орындалмайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Испания футбол федерациясы өз тәртіптік ережелерінде, Әлем чемпионатындағыдай, Ла Лигада «Винисиус ережесінің» толық күшіне енбейтінін мәлімдеді. Дегенмен, төрешілер ойыншыларға мундиальдегі сияқты қызыл емес, тек сары қағаз көрсете алады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл өзгерістер 2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі Джанлука Престианни мен Винисиус Жуниор арасындағы нәсілшілдік дауға байланысты енгізіліп, «Винисиус ережесі» деп аталды.
Аталған ереженің алғашқы құрбаны Парагвай құрамасының вингері Мигель Альмирон болды. Ол әлем чемпионатындағы Түркияға қарсы матчта түрік ойыншысы Мерт Мюлдүрмен сөйлескенде ауызын қолымен жауып тұрғаны үшін алаңнан қуылды. VAR-ды қарағаннан кейін төреші бастапқы шешімін өзгертіп, қызыл қағаз көрсетті.