locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

IFAB Аргентинамен өткен матчтағы Эмболоның алаңнан қуылуын қате деп таныды

Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесі ширек финалдағы даулы сәтте VAR хаттамасы дұрыс қолданылмағанын мәлімдеді
IFAB Аргентинамен өткен матчтағы Эмболоның алаңнан қуылуын қате деп таныды
ФОТО: Getty images

Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесі (IFAB) 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Аргентинаға қарсы өткен кездесуде Швейцария шабуылшысы Брель Эмболоның алаңнан қуылуы қолданыстағы VAR хаттамасына сәйкес болмағанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Даулы эпизод матчтың 72-минутында, есеп 1:1 болып тұрған кезде орын алды. Бейнеқайталымды көрген бас төреші Аргентина жартылай қорғаушысы Леандро Паредеске көрсетілген сары қағазды алып тастап, симуляция жасағаны үшін Эмболоға екінші ескерту көрсетіп, алаңнан қуды. Бір ойыншыға кем қалған Швейцария қосымша уақытта 1:3 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Кейін IFAB бұл жағдайды арнайы қарап шығып, қазіргі VAR хаттамасы мұндай шешім қабылдауға мүмкіндік бермейтінін түсіндірді. Ұйымның мәліметінше, «қате ойыншыны анықтау» ережесі тек төреші ескертуді басқа футболшыға көрсеткен жағдайда ғана қолданылады. Ал құқық бұзушылықтың өзін қайта қарап, басқа шешім қабылдау бұл ережеге кірмейді.

Сондай-ақ IFAB VAR хаттамасын жетілдіру мәселесі биылғы наурыз айынан бері талқыланып жатқанын хабарлады. Эмболоның жағдайы болашақта өзгеріс енгізу кезінде ескерілетін мысалдардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Алайда әзірге қолданыстағы регламент бойынша мұндай шешімдер дұрыс деп саналмайды.

ФОТО: Getty images

Матчтан кейін Швейцария құрамасының бас бапкері Мурат Якин төрешілердің шешімін сынға алды. Бұл эпизод футбол жанкүйерлері мен сарапшылар арасында үлкен пікірталас туғызды, ал швейцариялықтардың жарыстан шығуынан кейін төрешілердің Аргентинаға бүйрегі бұрды деген пікірлер де айтылды.

Соған қарамастан, IFAB қателік болғанын мойындағанымен, матчтың қорытындысы өзгеріссіз қалды. Аргентина жеңісін сақтап, әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie