locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Данияр Елеусінов бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет пікір білдірді

Олимпиада чемпионы әкімшілік қамауға алынуына себеп болған Астанадағы жол-көлік оқиғасына қатысты ойын айтты
Данияр Елеусінов бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет пікір білдірді
ФОТО: All Stars Boxing

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов арнайы қабылдау орнынан босап шыққаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шығып, шілде айының басында қоғамда кең талқыланған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Журналистермен әңгіме барысында спортшы болған жағдайға өкініш білдіретінін айтты.

«Не болса, сол болды. Өздеріңіз бәрін көрдіңіздер. Бұл жағдайға қатты өкінемін», – деді Елеусінов Tengri News-ке берген сұқбатында.

Еске салайық, 9 шілдеде боксшы Астанада бірнеше жол-көлік оқиғасына қатысты. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, соқтығысулардан кейін ол оқиға орнынан кетіп қалған, алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері оны ұстаған. Оқиғалар салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек көліктерге зақым келді.

Сот барысында Елеусіновтың көлікті жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Спортшы өз кінәсін толық мойындағаннан кейін сот оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Данияр Елеусінов – Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы және Қазақстанның ең атақты боксшыларының бірі. Кәсіпқой рингте ол әлі күнге дейін жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ: еншісінде 13 жекпе-жектің 13-інде жеңіске жеткен, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған. Соңғы кездесуін 2025 жылдың шілде айында өткізіп, филиппиндік Джеймс Бэконды техникалық нокаутпен жеңген еді.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie