Бабаян «Астана» клубындағы инвесторлар мен жалақылар туралы сұраққа жауап берді
«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян клубтағы инвесторлар мен жалақылар туралы сұраққа жауап берді, сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасындағы үздік үштік үшін күреске қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу 2:1 есебімен елорда клубының пайдасына аяқталды. Қонақтар есеп ашқанымен, «Астана» ойынды өз пайдасына бұрып, Бартолец пен Томасовтың голдарының арқасында жеңісті жұлып алды.
«Инвесторлар мен жалақы туралы? Әзірге білмеймін. Бұл сұраққа қазір нақты жауап бере алмаймын. Біз күтудеміз.
ҚПЛ-дағы үшінші орын үшін күрес пе? Жалпы, біз кестеге қарап отырған жоқпыз. Бұл тақырыпты жігіттермен үнемі талқылаймыз. Алдымызда он финал бар. Әр матчты жеңуіміз керек. Қазір біз келесі ойынға, «Қызылжарға» дайындалып жатырмыз. Басқа ештеңе ойламаймыз.
Сондықтан, егер біз өз футболымызды көрсетіп, өз бағытымыздан таймай, мүмкіндіктеріміздің кем дегенде 50 пайызын жүзеге асыра алсақ, онда біз өз орнымызда боламыз», - деді Бабаян.
Айта кетейік, ҚПЛ-2026 маусымында 20 матч өткізген «Астана» 38 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр. Команда «Окжетпесті» бес ұпайға басып озуда. Сонымен қатар, Бабаян командасының бір ойыны қорда қалды.