locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик - Зверев: «Мастерс» турнирінің ширек финалына шығу матчін онлайн көру

1/8 финалға жету жолында Бублик чехиялық Томаш Махачты жеңді
ФОТО: Getty Images

Сәрсенбі, 14 қазанда, ATP рейтингінде 22-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемнің екінші ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан «Мастерс» сериясындағы турнирдің 1/8 финалында кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 07:00-де басталады. Кездесуді мына сілтеме арқылы көруге болады.

1/8 финалға жету жолында Бублик чехиялық Томаш Махачты (6:4, 7:6) жеңіп, одан кейін америкалық Брэндон Накашиманы (6:7, 6:3, 7:6) ұтты.

Зверев турнирді қытайлық У Ибинді (6:4, 7:6) жеңуден бастады. Одан кейін француз Кантен Алисті (6:4, 6:7, 6:3) ұтты.

Айта кетейік, өзара кездесулерде қазақстандық теннисші басымдыққа ие: оның еншісінде 3 жеңіс болса, Зверев 1 рет жеңіске жеткен.

2026 жылы Шанхайдағы турнирдің жүлде қоры 9,4 млн долларды құрайды. Жекелей сында жеңімпаз 1,15 млн доллар және рейтингтік 1000 ұпай алады.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie