Покатиловқа Чемпиондар лигасындағы матч алдында «допинг» берілді
Белгілі блогер Артур Аскарұлы «Сабах» бас бапкері Валдас Дамбраускаспен әңгімесінде қазақстандық қақпашы Стас Покатиловқа Чемпиондар лигасындағы маңызды матч алдында шағын «допинг» беріп жіберуді сұрады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Ертең өте маңызды матч — Чемпиондар лигасындағы алғашқы үйдегі ойын. Стасқа шағын допинг ретінде беріп жіберсеңіз екен: шаймен бірге шоколад. Ол міндетті түрде қақпасын құрғақ ұстайды», — деді Аскарұлы.
Дамбраускас өтінішке әзілмен жауап беріп, дәмді қашан жеткізу керектігін нақтылады:
«Егер қақпасын құрғақ ұстаса, онда жарайды! Бүгін бе, әлде ертең таңертең бе?»
Арчибальд таңертең жеткізу керек екенін айтты: «Ертең таңертең міндетті түрде. Ол жақта бұл осылай жұмыс істейді. Көп рақмет».
Еске салайық, бүгін, 13 қазанда, Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші туры басталады. Алаңға алғашқылардың бірі болып шығуы мүмкін қазақстандық қақпашы Стас Покатилов әзербайжандық «Сабах» сапында өнер көрсетеді.
Покатилов Чемпиондар лигасындағы дебютін «Олд Траффордта» «Манчестер Юнайтедке» қарсы матчта өткізді. «Сабах» 0:4 есебімен жеңілді. Голдарды Матеус Кунья, Бруну Фернандеш, Беньямин Шешко және Лисандро Мартинес соқты.