locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Исламхан Вайсске қарсы ойнамайды

«Астана» жартылай қорғаушысы Словакияға қарсы матчқа қатыспайды
Қазақстан құрамасының 4 футболшысы Словакияға қарсы ойнамайды
ФОТО: КФФ

Қазақстан құрамасының Словакия құрамасына қарсы Ұлттар лигасының C3 дивизионы аясындағы матчына дайындығы бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

AmanVibe мәліметінше, ұлттық құраманың 4 ойыншысы Кошицеде өтетін матчқа қатыспайды.

«Менің ақпаратым бойынша, бүгін Бекхан Шайзада, Александр Широбоков, Бауыржан Исламхан және Еркін Тапалов өтінімге енбейді», — деп жазды дереккөз.

Бұған дейін Фарер аралдарына қарсы өткен матчқа қақпашы Бекхан Шайзада қатысқан жоқ. Сондай-ақ қорғаушылар Александр Широбоков пен Еркін Тапалов та алаңға шықпады.

Ал жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан негізгі құрамда ойнап, 73 минут алаңда болды және нәтижелі пасымен көзге түсті.

Айта кетейік, Бауыржан Исламхан мен Владимир Вайсс Алматының «Қайрат» клубында бірге жұмыс істеген. Вайсс клубты 2012-2015 жылдар аралығында басқарса, Исламхан «Кубань» командасынан оралғаннан кейін 2013 жылдың соңында «Қайрат» сапына қосылған.

Айта кетейік, кездесу Словакиядағы «Кошице футбол аренасында» өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те басталады.

Ұлттар лигасындағы Словакия — Қазақстан матчы. Онлайн көру

Бірінші турда Словакия өз алаңында Молдованы 2:0 есебімен жеңіп, үш ұпай жинады. Қазақстан сырт алаңда Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсті. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Темірлан Ерланов соқты.

Бірінші турдан кейін Словакия үш ұпаймен С лигасының 3-тобында бірінші орында тұр. Қазақстан мен Фарер аралдарында бір-бір ұпайдан болса, Молдова ұпай жинаған жоқ.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie