locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Соня Жиенбаева Азиада-2026 ойындарындағы өнерін аяқтады

20 жастағы қазақстандық теннисші Қытай өкілі Ван Сиюйден жеңілді
Соня Жиенбаева Азиада-2026 ойындарындағы өнерін аяқтады
Соня Жиенбаева Азиада-2026 ойындарындағы өнерін аяқтады

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Аичи мен Нагояда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарының жекелей сындағы екінші айналымында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Соня Жиенбаева қытайлық Ван Сиюйден үш сетте — 1:6, 6:4, 1:6 есебімен жеңіліп, турнирдегі жолын аяқтады. Матч 1 сағат 46 минутқа созылды.

Жарыстың бірінші айналымында Жиенбаева Гонконг өкілі Адитхья Карунаратнені 6:1, 7:5 есебімен сенімді түрде жеңген еді.

Енді Азиаданың әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан атынан тек Юлия Путинцева өнер көрсетіп жатыр. Ол ширек финалға шықты.

Ал ерлер арасындағы жекелей сында Александр Шевченко 1/16 финалда Непал өкілі Абхишек Бастолуды 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді. Ал Тимофей Скатов ирандық Касра Рахманиден үш сетте — 2:6, 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

XX жазғы Азия ойындары Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтуде. Жарысқа 45 елдің спортшылары қатысып, 460 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Қазақстан құрамасы спорттың 35 түрінен 558 спортшымен сынға түсуде.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie